01 Тамыз, 2015

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің бұйрығы  №357

415 рет
көрсетілді
38 мин
оқу үшін
2014 жылғы 30 желтоқсан Астана қаласы Газдарды дайындау және қайта өңдеу бойынша қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-2-бабының 14) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Газдарды дайындау және қайта өңдеу бойынша қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов): 1) осы бұйрықтың заңнамамен белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды; 4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі А.П. Рауға жүктелсін. 4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә. Исекешев. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі ________________ Е. Досаев 2015 жылғы 12 қаңтар «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Энергетика министрдің міндетің атқарушы ________________ Ұ. Қарабалин 2015 жылғы 08 қаңтар Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 357 бұйрығымен бекітілген Газдарды дайындау және қайта өңдеу бойынша қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы Газдарды дайындау және қайта өңдеу бойынша қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазакстан Республикасының Заңы 12-2-бабының, 14) тармақшасына сәйкес әзірленген және газдарды дайындау және қайта өңдеу бойынша қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) газды дайындау және қайта өңдеу объектілері – газды дайындау және қайта өңдеудің бірыңғай технологиялық процессіне біріктірілген құрылғылар, жабдықтар, құрылыстар, ғимараттар және үй-жайлар; 2) жоспарлы-алдын ала жөндеу кестесі – объектінің техникалық басшысы бекіткен, детальдардың, түйіндер мен механизмдердің мезгілінен бұрын тозуының алдын алу мен оларды жұмысқа қабілетті қалпында ұстап тұруға бағытталған технологиялық жабдықты жөндеу жөніндегі техникалық іс-шараларды өткізу кестесі; 3) мұнай мен газды дайындау қондырғысы – мұнай-газ ұңғымаларының өнімін қабылдауға, оны алдын-ала мұнай, ілеспе газ бен қабат суына бөлуге арналған қондырғы; 4) рұқсат беру-наряды – қолданыстағы кәсіпорыннан шығатын өндірістік қауіп бар немесе туындайы мүмкін болған кездегі қолданыстағы кәсіпорынның аумағындағы құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу кезінде рәсімделетін жұмыс өндірісіне арналған тапсырма; 5) технологиялық регламент – техникалық басшы бекітетін, процесстің немесе оның жекелеген кезеңдерін (операцияларын) жүргізу технологиясын, өнім өндірісінің режимі мен технологиясын, жұмыстың қауіпсіз шарттарын айқындайтын құжат; 6) топырақ үю – резервуарлық парктің, құбырдың линиялық бөлігінің жекелеген учаскелерінің айналасына сұйық қауіпті заттардың ағып кетуінен қорғау үшін топырақ үйіндісі немесе қоршау қабырғасы ретінде салынатын құрылыс. 2. Газды дайындау мен қайта өңдеу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі 3. Газды дайындау мен қайта өңдеу объектілерінде (ары қарай – ГДҚ) төмендегі құжаттар әзірленеді және жұмыс орындарында сақталады: 1) пайдалану және техникалық құжаттама; 2) объектілердің құрылысына арналған жоба; 3) технологиялық регламенттер; 4) қауіп факторларын ескеретін және олардың болжамды зардаптарының ауырлықтарын барынша азайту үшін апаттардың алдын алу, апатты жағдайларды жою үшін қолданылатын персонал әрекетін, құралдар мен әдістерді регламенттейтін апаттарды жою жоспарлары (ары қарай – АЖЖ) (жедел бөлімнен үзінділер). 4. ГДҚ объектілерінің жобалау құжаттамасының құрамында авариялық жағдайлар кезінде жұмыскерлердің және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, аталған жағдайларды жедел оқшаулауға және жоюға арналған ұйымдық-техникалық шешімдер негізделеді және айқындалады. 5. ГДҚ объектілерінің алаңдарында тұйық және жартылай тұйық аулалар құратын ғимараттар жобалауға жол берілмейді. 6. Фланецтік жалғамдарға арналған төсеме материалдар ретінде құйылатын орталарға төзімді және технологиялық процес өлшемдеріне сай келетін материалдар қолданылады. 7. Жабдықты объект басшысының жазбаша рұқсатынсыз ашуға тыйым салынады. 8. Жұмыс орындарында, байланыс құралдары жанында, дабылдарды беру тәртібін, өрт қауіпсіздігі күзеті, медицина қызметі, газ-құтқару қызметі және ГДҚ объектісінің диспетчерін шақыру тәртібі көрсетілген кестелер ілінеді. 9. Жұмыс аймағындағы ауаның газдануы табылған жағдайда тез арада жақын маңдағы қондырғылардың күтім жасаушы қызметкерлеріне ықтимал қауіптілік туралы ескертіледі, газданған учаскені қоршайды және бекітілген АЖЖ сәйкес іс-шаралар қабылдайды. 10. Өндірістік үй-жайлардың еденіне тазалауды қажет болған кезде, бірақ ауысымда кемінде бір рет, ылғалды, сулы немесе шаң бөлінуіне жол бермейтін өзге де әдістермен жүргізеді. Жеңіл тұтанатын сұйықтарды (бұдан әрі - ЖТС) едендерді жуу үшін қолдануға жол берілмейді. Қолданылған жуу/тазарту материалын қақпақтары мығым жабылатын арнайы металл жәшіктерге салады, ауысым аяқталғанда өндірістік үй-жайлардан арнайы белгіленген орындарға әкетеді. Материалдар мен жабдықтарды уақытша сақтау осы мақсатқа арналған арналған үй-жайлар немесе орындарда жүзеге асырылады. 11. Жарылыс қауіпті үй-жайлардағы әр есіктің сыртқы бетіне оның жарылыс қауіптілігі сипатын көрсетілген жазумен жабдықтайды. ГДҚ объектілері жұмыскерлерді және тұрғындарды ықтимал қауіптілік туралы жедел хабарландыруды қамтамасыз ететін авариялық байланыс пен хабарландырудың қажетті техникалық құралдарымен қамтамасыз етілуі тиіс. Авариялық лақтырындыларды ертерек табуды қамтамасыз ету мақсатында ауа ортасын автоматтандырылған бақылау жүйесінің техникалық құралдарымен қамтамасыз етіледі. ГДҚ объектілерінде жұмыс істейтін персонал зиянды заттардан қорғаныстың жеке және ұжымдық құралдарымен қамтамасыз етіледі. 12. ГДҚ қауіпті өндірістік объектілерінің аумағында және өндірістік үй-жайларда: 1) әр ауысым басталар алдында күтім көрсететін персонал желдету жүйелері әрекетіне сырттай қарау және ақаусыздығына тексеру; 2) бақылау өлшеу аспаптарының (бұдан әрі – БӨА), автоматика мен сақтандыру құрылғыларының жағдайына БӨА жұмыскері әр ауысымда кемінде бір рет қарау және тексеру жүргізеді. 13. Ғимараттарда және сыртқы қондырғылардың аумағында: 1) атмосфераға зиянды заттарды ықтимал шығару көздері; 2) жанғыш және құрамында күкіртсутегі бар сұйықтарды ықтимал төгу көздері бар кабельдерді үй-жайларда және сыртқы қондырғылар аумағында орналастыру үшін тереңдетілген каналдарды және тоннельдерді салуға жол берілмейді. 14. Тереңдетілген тоннельдерде және каналдарда құрамында күкіртсутегі бар өнеркәсіптік шайындыларды жинақтау және кәдеге жарату жүйелерінің құбыр желілерін қоса алғанда, технологиялық құбыр желілері бар бу және ыстық су құбыры желілерін бірге салуға жол берілмейді. 15. ГДҚ объектісінің алаңында, оның көлеміне қарамай, кемінде 90 градус бұрышты құрайтын, авария жағдайында персоналды және техниканы кедергісіз эвакуациялауды қамтамасыз ететін жолдар және кемінде екі негізгі кіру жолы көзделеді. 16. Магистральдық және өндірістік жолдардың, жолдар мен кірме жолдардың шетінде жаяу жүргіншілер қозғалысының қарқындылығына қарамастан барлық жағдайларда тротуарлар көзделеді. 17. ГДҚ объектілерінің аумағына қатты жабынды жүргіншілер жолдары салынады, олардың орналасуы мен сақталуы персоналдың кедергісіз қозғалуын, соның ішінде авариялық эвакуациялау кезінде қамтамасыз етеді. Науаларды, траншеяларды, қазан шұңқырларды және қазылған жерлерді тәуліктің қараңғы уақытында жарықтандырады, тақталармен жабады немесе биіктігі кемінде 1 метр шарбақпен қоршайды. 18. Жолдарды, өткелдерді, кіру орындарын, кіреберістерді, басқыш алаңдарын, ғимараттарға кіру және шығу орындарын, өртке қарсы жабдықтарға, өрт сөндіру, байланыс және дабыл құралдарына барар жолдарды қоқыстауға және ластауға жол берілмейді. 19. ГДҚ объектілерінің аумағында, құбырлар арқылы жүргіншілер өтпелерінде, науалар және траншеялар арқылы ені кемінде 1 метр, таяныштың биіктігі кемінде 1 метр көпірлер қойылады.. Жолдарды, көпірлерді, өткелдерді және жаяу жолдарды тазалықта және күтімде ұстайды, қажетті жол белгілерін орнатады, оның ішінде құбыр желілері эстакадалары астынан өту габариттерін қосқанда, және тәуліктің қараңғы уақытында жарықтандырады. ГДҚ жарылысөртқауіпті объектілерінің аумағы бойынша ұшқындарды сөндіргіші жоқ автотрактор техникасының жүруіне жол берілмейді. 20. Өндірістік алаңға негізгі кіру жолдарының және теміржолдардың бір деңгейде қиылысуына жол берілмейді. Жүргіншілер жолдарының рельстік жолдармен қиылысатын орындарында рельстердің үстіңгі деңгейімен бірдей тұтас жабындылар төселеді және ескерту және тыйым салу белгілері қойылады. 21. Жолдардың жүргінші бөлігін жабумен байланысты жөндеу жұмыстары техникалық басшының рұқсатымен жүргізіледі. 22. Жөндеу-құрылыс жұмыстары жүргізілген ГДҚ объектісі аумағының учаскесін жоспарлайды және қоқыстан тазартады. Аталған учаскеде оны жоспарлау мен аумақты құрылыс қоқысынан тазаларту аяқталғанға дейін қондырғыларды қосуға жол берілмейді. 23. ГДҚ объектілерінің аумағында тұрақты және уақытша от жұмыстарына арналған орындардан басқа жерде ашық отты қолдануға жол берілмейді. 24. ГДҚ объектілерінің аумағында мұнай өнімдері және өзге де ЖТС төгілген жағдайда төгілуді жою және қауіпсіз кәдеге жарату жөніндегі шаралар қабылданады. 25. Құдықтардағы, науалардағы және қуыстардағы ысырмаларды және өзге де арматураларды оларды жоғарғы жағынан басқаруға арналған құрылғылармен жабдықтайды (ұзартылған штоктар немесе басқару штурвалдары, электропневможетектер) және жөндеу және профилактикалық жұмыстар үшін қауіпіз қолжетімділікті қамтамасыз етеді. 26. Авариялық жағдайлар кезеңінде ГДҚ объектілерінде жұмыскерлердің және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған негізгі ұйымдық-техникалық шешімдердің әрбірі бойынша жобалау құжаттамасында жеке қорғаныс құралдарының (бұдан әрі – ЖҚҚ), қажетті аспаптардың, материалдардың және жабдықтардың, орындардың және оларды орналастыруға арналған үй-жайлардың нақты типтері мен саны негізделеді және айқындалады. 27. Ауадағы зиянды газдар, булар және шаң-тозаңдардың жол берілген санитарлық нормалардан аса шоғырлануы мүмкін орындардағы жұмыс кезінде жұмыскерлер тыныстау органдарының тиісті жеке қорғаныс құралдарымен (бұдан әрі – ТОЖҚҚ) қамтамасыз етіледі. 28. Әрбір қауіпті өндірістік объектіде 3-5 жинақ ТОЖҚҚ-ның авариялық қоры көзделеді. Шлангілік авариялық газқағарлардың кемінде екі жинағы көзделеді. Газқағарлардың авариялық қорын құлыптауға жол берілмейді. Авариялық қордың пломбаларының тұтасталығын ауысымды қыбылдау және өткізу кезінде күтім жасаушы персонал тексереді. Авариялық қордың болуын және жағдайын ұйымның газқұтқару қызметінің жауапты адамы ГДҚ объектісінің техникалық басшысы бекіткен кестеге сәйкес айында кемінде бір рет тексереді. 29. Запорлы құрылғыны қолмен басқаруды дренирлеу кезінде жұмыстар ТОЖҚҚ-мен және жұмыс орнындағы газдануды тексергеннен кейін бақылаушының қатысуымен жүргізіледі. 30. Резервуарлардың, аппараттардың, ыдыстардың ішіндегі жұмыстар бастау ауа ортасын күкіртті сутектің және өзге де зиянды және жанатын булар мен газдардың болуына тексергеннен және оң нәтиже алғаннан кейін жүзеге асырылады. 31. Аппараттардың ішіндегі жұмыстар төмендегілерді қолданып жүргізіледі: 1) ТОЖҚҚ; 2) қорғайтын белдіктер; 3) бақылаушы (әрбір жұмысшыға). 32. Сынама алу кезінде персонал ЖҚҚ, ТОЖҚҚ, газ анализаторларды қолданады. 33. Қондырғылардың жұмыскерлеріне қондырғыда қолданылатын күкіртсутекпен, диэтаноламинмен, диэтиленгликольмен, өзге де зиянды заттармен улану кезінде зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету талаптарына нұсқау беріледі және оқытылады және ТОЖҚҚ-мен қамтамасыз етеді. 34. Қондырғының өндірістік үй-жайларындағы желдеткіш жұмысы істен шыққанда жұмыскерлер ТОЖҚҚ қолданады, есіктер мен терезелерді ашады, және желдеткіш жүйесін жөндеу жөнінде шаралар қабылдау үшін ауысымдағы жауапты тұлғаға хабарлайды. 35. Жылу беру жүйелерін және вентиляциялық қондырғыларын ақаусыз күйде ұстайды және жоспарлы-алдын алу жөндеу (бұдан әрі – ЖАЖ) кестесіне сәйкес қарау және жөндеу жүргізіледі. 36. Персоналдың АЖЖ білуі ГДӨН техникалық жетекшісімен бекітілген кесте бойынша жүргізілетін оқу және жаттығу сабақтары кезінде тексеріледі. 37. Технологиялық өнімді, газды, буды, суды, электр энергиясын, ауаны беруді тоқтату, аварияға қарсы және өртке қарсы қорғаныс жүйесінің дұрыс жұмыс істемеуі, басқа объектілерде қауіпті жағдай пайда болғанда персонал АЖЖ көзделген әрекеттер мен шараларды орындайды. Қауіпті жағдайда, жұмыс басшысының нұсқауымен АЖЖ бойынша хабарлау мен нысанды апатты тоқтату жүргізіледі. Жұмыстарды қайта бастау технологиялық регламентке сәйкес, ақауларды жөндеп, мұнайды және газды дайындау қондырғысының (бұдан әрі - МГДҚ) техникалық жағдайын тексерген соң жүргізіледі. Апат немесе апаттық жағдай кезінде АЖЖ бойынша әрекеттер жасауға қатыспайтын персонал қауіпті аймақтан шығарылып, қорғаныс құралдары мен ұшқын сөндіргіші бар жағдайда, жұмысшыларға және көліктерге жұмыс басшысының нұсқауымен режимдік рұқсатнама қойылады. 38. Апатқа қарсы және өртке қарсы жүйенің, өрт сөндіру қондырғыларының және жарылыс қауіпті концентрацияны анықтау жүйесінің ақаулығы кезінде олардың жұмыс қабілеттілігін дереу қалпына келтіру шаралары қабылданады, ал бұл жүйелерді жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде қондырғының қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ететін АЖЖ шаралары орындалады. Қауіпсіздік шарттары кәсіби апаттық-құтқару қызметтерімен (ары қарай – АҚҚ) келісіледі. Технологиялық регламент өндірістің технологиялық процессіне қатысатын МГДҚ, көмекші құрылғылар мен ғимараттарға жасақталады. Ұйымның техникалық жетекшісі әрбір нақты жағдайда технологиялық регламентті әзірлеуге қатысатын өндірістік және техникалық қызметтер, ұйымдарды анықтайды. 39. Әрбір технологиялық регламенттің титуль бетінде және Технологиялық регламенттің барлық құжаттамасы бойынша колонтитулында көрсетіле отырып, нөмірі, индекс немесе ұйымда қабылданған тәртіптегі белгілері беріледі. 40. Технологиялық регламенттің титулдық бетінде көрсетіледі: 1) ұйымның атауы; 2) қондырғының атауы; 4) нысанның атауы; 5) әзірлеушілер (ұйым, лауазым, Т.А.ӘА.); 6) құжат индексі. 41. технологиялық регламент мына бөлімдерден тұрады: 1) өндірістік нысанның жалпы сипаттамасы. 2) өндірістік нысанның технологиялық процессі мен технологиялық сызбасының сипаттамасы. 3) технологиялық режим нормасы 4) технологиялық процессті бақылау 5) өндірістікобъектіні қалыпты жағдай мен қауіпті жағдайда қосу мен тоқтатудың қауіпсіздігінің негізгі жағдайлары. 6) технологиялық қондырғының, реттеуші және сақтаушы қақпақтардың және басқа да қауіпсіздік құрылғыларының қысқаша сипаттамасы. 7) нормативтік-техникалық құжаттаманың тізімі. 8) өнім өндірісінің технологиялық сызбасы (графикалық бөлім). 9) қондырғының техникалық құрылғыларының орналасуының жағдайлық жоспары; 10) өзгерістер енгізу. 42. Технологиялық регламенттің әрекет ету мерзімі пайдаланушы ұйымның шешімімен бекітіледі. 43. Технологиялық регламент мына жағдайларда қайта қаралады немесе толықтырылады: 1) өндірістік және технологиялық шарттар өзгергенкезде; 2) регламент қосымша жоба шешімдеріне немесе қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмегенкезде; 3) пайдалану процессінде қауіпсіздік шарттарының сәйкессіздігі анықталғанкезде; 4) өнімнің қанағаттанарлықсыз сапасы кезінде. 44. Қызмет көрсететін персоналдар орналасатын операторлық бөлмеде қызмет көрсетілетін жабдықтардың технологиялық сызбасы ілінеді. Жауапты тұлға технологиялық сызбаны жыл сайын оның іс жүзіндегі жағдайына сәйкестілігін тексереді және оған өзгертулер мен толықтырулар енгізілген жағдайда ГДӨН техникалық басшысы қайта бекітеді. 45. Қондырғыға орнатылған барлық жабдықтарға, аппаратураға және негізгі тиекті құрылғыларға технологиялық сызбаға сәйкес технологиялық нөмірлер қойылады. 46. Жылу беру жүйелерінің және жылыту аспаптарының конструкциясы, күтім жасаудың мерзімділігі және түрлері жүйелерді қауіпсіз пайдалалануды қамтамасыз етеді. Жанғыш және зиянды заттарды жайларды жылыту үшін отын ретінде пайдалануға рұқсат етілмейді. 47. Вентиляциялық құрылғылардың нәтижелілігі бекітілген кестеге сәйкес аспапты тексерумен қамтамасыз етіледі. 48. Вентиляциялық камерада вентиляциялық құрылғылардың сызбасын, ал камераның есігінде – вентиляциялық құрылғыларды қалыпты пайдалануды қамтамасыз ететін жауапты тұлғаның мәліметтері көрсетілген тақта ілінеді. Технологиялық құрылғыларды, жабдықтарды, өндірістік жайларды жөндеудің дефектілі тізімдемесінде вентиляциялық қондырғыларды жөндеу және жарамдылығын тексеру ісі қарастырылады. Вентиляциялық жүйе ақаулы кезде, технологиялық қондырғыны немесе объектіні жөндеуден кейін қабылдауға рұқсат етілмейді. Вентиляциялық камералардың жайларын қойма үшін пайдалануға және бөтен заттарды үйп тастауға рұқсат етілмейді. 49. Барлық ғимараттар тұрақты құю-сору вентиляция жүйесімен қамтамасыз етіледі Автоматты іске қосылатын вентиляторлардың жанында «Сақ болыңыз! Автоматты іске қосылады» плакаты ілінеді. Ауа ортасының жағдайы туралы мәліметтер басқару пультіне беріледі. Шекті рұқсат етілген концентрация (бұдан әрі – ШРК) тетігі жоқ өндірістік ғимараттарда апатты вентиляцияның автоматты қосылуы жарылыс қауіптілігіне дейінгі концентрацияға (бұдан әрі - ЖДК) газ талдауыш ескерту дабылы берілгенде жүзеге асырылады. 50. ГДӨ қауіпті өндірістік объектілерін мына жерлерде орналастыруға болмайды: 1) табиғи желденуі нашар аумақтың рельефінің төменгі және басқа учаскелерінде; 2) жылдамдығы секундына 1 метрге дейін басым желдері бар аудандарда; 3) ұзақ немесе жиі қайталанатын тымықтар, инверсия, тұмандары бар аумақтарда (жылына 30 – 40 пайыздан астам, қыс бойына күндердің 50 – 60 пайыздан астам). 51. Атмосфераға зиянды және жанғыш заттарды шығаратын,өндірістік процесстермен үй-жайлар және ғимараттар осы заттардың авариялық шығару көздерін қосқанда, өндірістік процестер жүргізілетін ғимараттар және үй-жайлар «жел өрнегінің» басым бағытындағы желдердің шоғырлануы ескерілумен басқа ғимараттардан және үй-жайлардан басым жағдайларда ық жерде орналастырылады. 52. Атмосфералық ауаны ластайтын көздері және зиянды заттарды апатты шығару көздері бар өндірістік жайларды қосалқы, қойма және санитарлық-тұрмыстық жайлармен біріктіруге рұқсат етілмейді. 53. Екі немесе одан көп эвакуациялық шығулары бар жағдайда атмосфераға зиянды заттарды ықтимал тастау көздері жоқ, жайдың ең алыс нүктесінен эвакуациялық шығуға дейінгі аралық 25 метрден аспайтын жағдайда, адамдар тұрақты орналаспайтын, аталған жайларға қызмет көрсету үшін инженерлік жабдықтар орналастырылған жайларда аталған шығулардың бірін орналастыруға рұқсат етіледі. 54. Адамдарды эвакуациялау жолдарын зиянды заттарды шығару көздері бар ғимараттар (жайлар) және сыртқы қондырғылардың аумағы арқылы қарастыруға рұқсат етілмейді. 55. Атмосфераға зиянды заттарды болжамды бөлу көздері жоқ ғимараттар, үй-жайлар мен сыртқы қондырғылар үшін бір эвакуациялық шығыс қарастыруға рұқсат етіледі. 56. Тез жанатын және газ тәрізді зиянды заттардың және реагенттердің үлгілерін алу осы мақсатқа арнайы бөлінген жерлерде жүргізіледі. 57. Ыстық аппараттардың, жабдықтардың және құбыр желілерінің оқшаулауын жарамды күйде ұстайды. Сыртқы бетіндегі температурасын 45 Цельсий градустан аспайтын, ал ашық алаңшаларда – 60 Цельсий градустан аспайтын күйде ұстайды. 58. Статикалық электрден қорғану үшін теміржол цистерналарына құюға арналған металды ұшты резіңке шлангаларының қалыңдығы кемінде 2 миллиметр мыс сыммен немесе шлангіге кемінде 100 миллиметр аралықпен шырмалған қалыңдығы кемінде 4 миллиметр мыс троспен жерге қосады. Сымның немесе тростың ұшын құбыр желісінің бөліктеріне және ұшына балқытып немесе болтпен қатайтып жабыстырады. Шлангілердің ұштарын, мұнай өнімдерін құюға және ағызуға арналған тез шешілетін құрылғыларды ұшқын бермейтін жабынмен көмкерілген материалдардан немесе болаттан жасайды. 59. Теміржол цистерналарына құю бағаналарын жерсіндіреді. Жерсіндіру құрылғыларын және найзағайдан қорғау құралдарын ГДӨН техникалық басшысымен бекіткен кестеге сәйкес акт құрастырумен тексереді, және журналға жазады. 60. Жабдықты жөндеу жұмыстарының ППР және күрделі жөндеу кестелеріне сәйкес орындалады. Жарылыс қауіпті ғимараттардағы қондырғылардың жөндеу жұмыстарын дайындау мен жүргізуді жұмыс жасап тұрған ауа тартқыш вентиляция кезінде жүзеге асырады. Жөнделетін жабдықтың тетіктері керосинмен жуылады. Аса жеңіл сұйықтықтар мен еріткіштер өнеркәсіптік қауіпсіздіктің қосымша шаралары қамтамасыз етілгенде, паспорттағы нұсқауға немесе дайындаушы зауыттың нұсқаулығына сәйкес қолданылады. 61. Жөндеу жұмыстары қорғаныс каскаларымен жүргізіледі. 62. ГДӨН қондырғылар мен құбырлардың қатып қалуы мүмкін жерлеріне бумен қамтамасыз етіледі. 63. Бу құбырлары жылу шығармайды; төгу құрылғылары, дренаждар – жылытылады. 64. Дренажы қатып қалған аппараттар, құбырлар пайдаланылмайды. 65. Қатып қалған учаскелер бумен немесе ыстық сумен жібітіледі. 66. Жібітілген участк жұмыс істейтін жүйеден ажыратылады. Дренаждар мен ауа өткізгіштер жабылады. 67. Өндіріс алаңдары, жолдар, сатылар, өтетін жерлер қардан және мұздан тазартылады және құм төгіледі. 68. Техникалық су тұтыну үшін АЖЖ көзделген жағдайлардан басқа шаруашылық-ауыз су жүйесін пайдалануға рұқсат етілмейді. 69. Техникалық судың су тарату нүктелеріне «Ішуге жарамсыз» жазуларын іліп қояды. 70. Жарамсыз немесе дұрыс қойылмаған гидравликалық ысырмалары бар кәріз суларын пайдалануға рұқсат етілмейді. Ысырманы қалыптастыратын әрбір гидроысырмада 0,25 метр су қабатының деңгейін ұстайды. 71. ГДӨН аумағындағы және одан тыс өндірістік (басқа да мақсаттағы) кәріздердің құдықтарын ұдайы жабық ұстайды. Құдықтардың қақпақтарын кемінде 10 санриметр болат немесе темір бетонды сақинадағы қабаттағы құммен жабады. Жұмыстар жүргізілетін құдықтардың айналасын қоршайды, жанында «Жұмыстар жүргізілуде» плакаттары ілінеді. 72. Шайынды суларды тазартудың қажетті деңгейін қамтамасыз етпейтін ақаулы немесе ластанған тазарту қондырғыларын қалпына келтірмейінше, өнеркәсіптіккәріздерді пайдалануға рұқсат етілмейді. Өнеркәсіптік кәріздерді қақпандарына және тұндырғыш тоғандарына биіктігі кемінде 1 метр жанбайтын материалдардан жасалған қоршау қойылады. Кәріз жолында жапқыш қарастырылады. 73. Бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика (ары қарай – БӨАжА) БӨАжА басқару қалқандарында орналастырыған аспаптарға айқындалатын және наряд-рұқсат етілген параметрлер көрсетілген жазбалармен жабдықталады. Ескерту лампалары және арнайы дабыл аспаптары дабылдың түрін көрсететін жазбалармен жабдықталады. 74. БӨАжА кестеге сәйкес белгіленген тәртіппен міндетті метрологиялық тексеруден және калибрлеуден өткізіледі. 75. БӨАжА құралдарын жөндеуге, күйіне келтіруге немесе тексеруге алғанда, алынған құралдардың орнына барлық параметрлері сай келетін құралдарды қояды. 76. Жарамсыз БӨАжА, тексеру уақыты аяқталған аспаптарды қолдануға рұқсат етілмейді. 77. Манометрді оның мәндері күтім жасаушы қызметкерлерге айқын көрінетіндей етіп орнатады, бұл ретте оның шкаласы тікелей немесе 30 Цельсий градусқа алға еңкейтіліп орнатылады, өлшеу шегі шкаланың үштен екінші бөлігінде болады. Манометрдің циферблатына ыдыстағы ең жоғарғы рұқсат етілген қысым деңгейіне сәйкес бөлігіне қызыл белгіні немесе корпусына қызыл сызықты салады. Манометрлерді қызмет көрсету алаңының еденінен 3 метрден асатын биікте орнатуға рұқсат етілмейді. 78. БӨАжА, блоктаушы және дабыл беруші құрылғылардың тексерілуі ұйымның техникалық басшысы бекіткен, журналда тіркелген кестелерге сәйкес жүргізіледі. 79. БӨАжА ауа желісін және техникалық ауа желісін біріктіруге, ауаны басқа мақсаттарға пайдалану үшін БӨАжА ауа желісіне қиым салуға рұқсат етілмейді. 80. ГДӨН найзағайдан қорғану құрылғыларын ғимараттарды және үй-жайларды найзағайдан қорғау құрылғыларына қойылатын талаптарға сәйкес орындалады. 81. Өндірістік алаңдарда технологиялық құбыр желілерін жер астында салуға рұқсат етілмейді, кіру және шығу манифольдасынан қоршауға дейінгі учаскелерден басқа. Технологиялық құбыр желілерін ғимараттардың және үй-жайлардың астында орналастыруға рұқсат етілмейді. 82. Жерүсті технологиялық құбыр желілерін алаңдардың жоспарлаушы белгілерінен төмен белгілердегі ашық науаларда және траншеяларда, жартылай тереңдетілген түрдегі каналдарда және тоннельдерде орналастыруға рұқсат етілмейді. 83. Технологиялық құбыр желілерінің теміржолға кіре беріс жолдармен қиылысуына жол берімейді, өнім желілерінің екіжақты құю/ағызу теміржол эстакадаларынан басқа. 84. Технологиялық жабдықтары және құбыр желілері көбіне қосынды элементтері барынша азайтылған тұтас дәнекерленген конструкция түрінде жобаланады. Коррозиялық-агрессивтік заттармен контакті жағдайында пайдалануға арналған технологиялық жабдықтарға және құбыр желілеріне олардың жобалық параметрлерде қауіпсіз пайдалану мүмкіндігін растайтын өндірушінің техникалық құжаттамасы қоса беріледі. Коррозиялық-агрессивтік заттармен контакті жағдайында пайдалануға арналған технологиялық жабдықтардың және құбыр желілерінің қабырғаларының қалыңдығының есептік мәндерін өндіруге минустық рұқсатын ескерумен қабылданатын материалдың ағуының 0,4 нормативтік шегінен аспайтын жұмыс кернеуіне шектеу қойылу талабымен қабылданады. 85. Жұмыстардың орнында дәнекерлеу жүргізілетін жабдықтардың және құбыр желілерінің дәнекерлеу қосындыларына қалдық кернеулерін жою үшін термикалық немесе басқа өңдеу жасайды. 86. Коррозиялық-агрессивтік заттармен контакті жағдайында пайдалануға арналған технологиялық жабдықтарды және құбыр желілерін коррозияның және коррозиялық шытынауды бақылауға арналған аспаптармен және құрылғылармен жабдықтайды. 87. Технологиялық жабдықтарды және құбыр желілерінде коррозия ингибиторларын енгізудің жүйелерінің бар болуы қамтамасыз етіледі. Технологиялық жабдықтарды және құбырларды құру кезінде коррозиялық-агрессивтік технологиялық орталардың тұйық және іркілу аймақтарының, әр текті металдардың және қорытпалардың өзара контактісінің болмауын қамтамасыз ететін техникалық шешімдер қабылданады 88. Газ бен будың ауамен қосылып жарылыс қауіпті қоспа құру мүмкіндігі бар жерлердегі жұмыс кезінде соққанда ұшқын бермейтін металлдан жасалған құрал қолданылады. 89. Аппараттарды, жабдықтарды және құбырларды айыру кезінде қақпашаларды қондыру, газқауіпті жұмыстарды жасауға наряд-рұқсат бойынша, қақпашаларды қондыру сызбасы бойынша жүргізіледі. 90. Аппарат немесе құбыр бітегішті орнатар алдында газ немесе өнімнен босатылады, пармен немесе инертті газбен үрленеді, жылжытпалармен ажыратылады және 30 Цельсий градустан (немесе қоршаған орта температурасына дейін) аспайтын температураға дейін суытылады. 91. Бітегіш ұшында партия нөмірі, болат маркасы, Р у шартты қысым және Д у шартты диаметр көрсетіледі. «Шип-паз» түріндегі дөңбек біріктіргіште орнатылатын ұшы жоқ бітегіште партия нөмірі, болат маркасы, Р у шартты қысым мен р Д шартты диаметр бітегіштің дөңбек бетінде көрсетіледі. 92. Бітегіш қалыңдығы ең көп мүмкін болатын, бірақ 3 миллиметрден кем емес қысым есебімен анықталады. Мүмкін болатын газ немесе өнім түсу жағындағы бітегіштер төсемге қойылады. 93. Көрсеткіштерге сәйкес келмейтін бітегіштер қолданылмайды. 94. Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін барлық уақытша бітегіштер алынады. 95. Колонналарды жөндеу кезінде тарелкаларды бөлшектеу төменнен жоғары қарай жүргізіледі. Тарелкалар тетігі клоннадан тыс жиналады. Колонна ішінде бірнеше орындарда (биіктігі бойынша) жұмыс істегенде жұмыс істеп жатқан бригадалар арасында төменде жұмыс істеп жатқандарға биіктіктен тетіктің немесе құралдың түсуінен сақтау үшін шығарылмаған бір тарелка қалдырылады. Бұл ретте колоннаның барлық люктері ашылады. 96. Жылу алмастырғышты немесе конденсаторды механикалық тәсілмен тазалау кезінде қарама-қарсы жақтан «Қауіпті аймақ» деген ескерту плакат ілінеді. 97. Жылу алмастырғышты, тоңазытқышты гидравликалық немесе химиялық тәсілмен тазалау қорғаныс құралдарын қолданумен іске асырылады. 98. Жөнделуі тиіс жабдық 30 Цельсий граудсқа дейін суытылады. Егер жабдық теріс температурада жұмыс істесе, ол жылытылады. 99. Әрбір өндіріс бойынша газға қауіпті жұмыстардың тізімі дайындалады және ГДӨН техникалық басшысымен бекітіледі. Газға қауіпті жұмыстарды жүргізу орындарында қауіпті аймаққа бөгде адамдардың келуін болдырмау мақсатында күзет орындары және қауіпсіздіктің ескерту және тыйым салу белгілері орнатылады. Газға қауіпті жұмыстарды екі қызметкерден кем емес құрамдағы бригада орындайды. Бригада мүшелері жеке қорғаныс құралдарымен, арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен, құралдармен және көмекші материалдармен қамтамасыз етіледі. 100. Отпен істелетін жұмыстарға ашық отты қолданумен, ұшқын шашатын және материалдар, өнімдер жалындап жанатын температураға дейін қыздырумен (электр дәнекерлеу, электргазбен дәнекерлеу, бензинмен кесу, дәнкерлеу жұмыстары, металды ұшқын шығарып механикалық өңдеу және тағы басқа) байланысты өндірістік операциялар жатады. Өндірістік үй-жайлардағы және сыртқы құрылғылардағы отпен жүргізілетін уақытша жұмыстарға объект басшыының жазбаша рұқсаты ресімделгеннен кейін ғана жол беріледі. 101. Аппараттар мен ыдыстар ішінде отпен жүргізілетін жұмыстар жүргізу кезінде отпен жүргізілетін жұмыстарға және газға қауіпті жұмыстарды жүргізуге наряд-рұқсат ресімделеді. 102. Дәнекерлеушілердің ыдыстар мен аппараттар ішіндегі жұмысы сырттан ыдыс ішінде жұмыс істейтін­дердің жеке қорғаныс құралдары бар ауысым құрамымен (әрбір дәнекерлеушіге бір-бірден) қайталанады. Жабық кеңістіктегі дәнекерлеу жұмыстары шлангілік газтұтқышпен (противогаз) жүргізіледі. Газбен дәнекерлеуші және электрмен дәнекерлеушінің аппарат, ыдыс, қойма, құдық ішінде біруақытта жұмыс істеуіне рұқсат етілмейді. 103. Дәнекерлеу агрегаттарын қосуды электротехникалық қызметкер іске асырады. Биіктікте жұмыс жасайтын дәнекерлеушілер, қорғану белдіктермен және электрод пен тұқылдарға арналған сөмкесімен жабдықтанады. Ылғалды орындардағы (ыдыстардағы, аппараттардағы және басқа техникалық құрылғылардағы) жұмыстарды электр тогыныың ұруынан қорғау үшін электр дәнекерлеушілер резина төсемдер, диэлектрикалық қолғаптар және галоштар болғанда жүргізіледі. 104. Сұйытылған газ бен сутек бар баллондар мынадай қашықтықта орнатылады: отпен жүргізілетін жұмыс орнынан, ашық от көзінен және қатты қызған заттардан кемінде 10 метр; бір бірінен кемінде 5 метр. Сұйытылған газ бен сутек бар баллондар сенімді орнатылады және бүлінуден, күн сәулесінің әсерінен, жылу көздерінен қорғалады 105. Күтім жүргізілетін жабдықтар (аппараттар, аспаптар, люктар, ысырмалар және басқалар) жер бетінен 1,8 метр биікте орналасқан жағдайда, қол жетімділігі үшін стационарлы баспалдақтарды және қоршаулы алаңдарды орнатады. Күтім сирек жасалынатын 3 метрден астам биіктегі жабдықтарға қолжетімділік үшін 60 градусқа еңкейіңкі баспалдақ орнатуға рұқсат беріледі. 106. Биіктегі жұмыстарды орындау үшін жұмыстарды қауіпсіз жүргізуді қамтамасыз ететін инвентарлық ағаштарды және құрал-саймандарды қолданады. Жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде құбыр желілеріне бекітілген қосынды баспалдақтарды пайдалануға рұқсат етілмейді. 107. Газды өңдеу өндірісінің аумағында жер жұмыстары осы жұмыстарды жүргізуге наряд-рұқсат және орындалатын аймақта жерасты коммуникациялардың орналасу жоспары бар жағдайда жүргізіледі. Адамдар жүретін немесе автокөліктер өтетін жерлерде траншеяларды қазу кезінде қоршаулар қойылады. Қоршауларға ескерту белгілерін немесе жазбаларын, ал қараңғы уақытта – ескерту жарықтандыруын орнатады. 108. БӨАжА қыс кезінде үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін суық түскенге дейін: 1) импульстық желілер, бөлгіш ыдыстар мен аспаптардың жылу өткізбеу жарамдылығын тексереді; 2) нығыз жабылатынына алдын ала көз жеткізіп, оларды тоңбайтын сұйықтықпен толтырады; 3) аспаптарды жылыту жүйесінің жарамдылығын және сенімділігін тексереді. 109. Соққылармен, тартпамен, қысымда болатын аппараттар мен сорғыштарда, трубақұбырларда болттар мен шпилькаларды бекітумен байланысты, жұмыстарды жүргізуге тыйым салынады. 1-Параграф. Газды дайындау кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі 110. Құрылғыларды іске қосу алдында жабдықтардың, құбыр желілерінің, арматураның, металл конструкциялардың, жерсіндіру құрылғыларының, БӨАжА, блоктаушылардың, вентиляцияның, кәріздің, ЖҚҚ және өрт сөндіру құралдарының жарамдылығын тексереді. Жүйелерден ауаны инерті газбен немесе көмірсутекті газбен шам қоюмен ығыстырады. Тазартудың аяқталуын шығатын газдың құрамын талдаумен айқындайды – оттегі құрамы 1 пайыздан аспауы тиіс. Құрылғыларды іске қосу бекітілген технологиялық регламентке сәйкес және жауапты тұлғаның басшылық етуімен мамандардың толыққанды бригадасы мен жарылыстан қорғалған байланыс құралдары бар жағдайда жүргізіледі. 111. Технологиялық параметрлердің өзгеру жылдамдығы өндіруші зауыттың жабдықтарды пайдалану нұсқаулығына сәйкес ГДӨН техникалық басшысы бекіткен қондырғыларды іске қосу, пайдалану, тоқтату туралы нұсқамасы бойынша белгіленеді. 112. Операторлық бөлмедегі қақпада орналасқан БӨАжА көрсеткіштерін тікелей аппараттарда орнатылған қосымша аспаптар арқылы мерзімді түрде тексереді. 113. Аппараттарды, ыдыстар мен компрессорларды және сорғыларды өндірушінің төлқұжатында және пайдалану нұсқамасында көрсетілген автоматизация, бақылау және блоктау жүйелерінің жоқ болуы немесе жарамсыз болуы жағдайында пайдалануға рұқсат етілмейді. 114. Резервтік ыстық сорғыларды алдын ала қыздырусыз іске қосуға және салқындату жүйесі жарамсыз істен шыққан жағдайда пайдалануға рұқсат етілмейді. Конденсаторлардан және тоңазытқыштардан шығатын суды оның құрамында салқындатылатын өнімнің бар болуы тексеріледі. Құрамында өнім бар болған жағдайда аппаратты ажыратады. 115. Көмірсутекті газдың, сығымдалған газдың және көмірсутекті конденсаттың сынамасын алу аппараттағы өнімнің ең жоғарғы қысымы есептелген сынама алу көмегімен жүргізеді. Вентильдері жарамсыз және тексеру мерзімі аяқталған сынама алатын аспаптарды қолдануға рұқсат етілмейді. Вентильдердің герметикалығын тексеру ГДӨН техникалық басшысы бекіткен кестеге сәйкес жүргізіледі. 116. Қондырғыны пайдалану процессінде технологиялық циклдің параметрлеріне бақылау жүргізілуі тиіс. 117. Ішін қарау мен тазарту үшін ашылуға жататын аппараттар, қазандар мен қондырғылар, тоқтатылады, өнімнен тазартылады, айырылады және жұмыс жасап тұрған апараттан бітегішпен тұйықталады және буланад